Қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күні. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жомарт жан» орталығы мен дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорт клубы шахматтан облыстық ашық турнир ұйымдастырды. 


Шаршы тақта шеберлері швейцариялық жүйе бойынша бақ сынады. Бәсекеге көру, есту қабілеттері және тірек-қимылы зақымданған ерекше жандар қатысты