Бүгін өңірде еңбек адамдары мен кәсіподақ белсенділерінің кәсіби мерекесі - Кәсіподақтар күніне арналған ауқымды шара өтті. 


Салтанатты жиын еліміздегі Кәсіподақ қозғалысының 120 және Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының 35 жылдығына орайластырылған. 


Шараға аймақ басшысы қатысып, салаға еңбек сіңірген ардагерлер мен үздік қызметкерлерді марапаттады.