Бүгін - техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні. Бұл мереке елімізде алғаш рет аталып өтіп жатыр. Айтулы күні өңірде студенттердің кәсіби дағдылары мен шығармашылық жұмыстары ұсынылатын «Жетістіктер алаңы» интерактивті көрмесі ұйымдастырылды.

Онда жастар шеберліктерін көрсетті. Жиын барысында колледж оқытушылар білікті кадр дайындауда ұсыныс-тілектерін білдірді.