Қалада таэквондодан WT бойынша ашық турнир өтті. Жас қатысушылар «Коре Ильбо» газетінің жүлдесін сарапқа салды. Үш күнге созылған спорттық дода Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Қазақстан корейлері қауымдастығының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған.