Ауыл мен ауданды, аудан мен облыс орталығын жалғайтын жолдарды жөнге келтіретін уақыт келді. Биыл Президент пәрменімен жергілікті маңызы бар жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев мәлімдеді. Ведомство басшысының орынбасары жуырда аймақтағы 7 теміржол станциясына жөндеу жүргізілетін айтты, ал Ақтөбе әуежайын жүк хабы ретінде дамыту жоспарланып отыр.