Өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Аталған секторды жаңғырту мақсатында елімізде ұлттық жоба әзірленді. Аймақтағы 4 монополист компания Ұлттық жобаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Биыл 14 млрд теңгеге салаға модернизация жасау жоспарда бар.