Облыс орталығындағы жұртшылық та Әз Наурыз мейрамын жоғары деңгейде тойлады. Ақшаңқан киіз үйлер тігілген орталық саябақ алаңы Ұлыс күніне арналған этно ауылға айналды. Мерекеге мыңдаған тұрғын қатысты.
Жыл басы Наурыз тойына келген көптің көңіл-күйі көтеріңкі. Алаңға жиылған көпшілік әр жерде ұлттық ойын тамашалап, бозбала бойжеткендер алтыбақан маңында бас қосты.
Жаңаша леппен, сән салтанатпен өткен Әз Наурыз тойын әріптесім де тамашалап келді.