Ломоносов кітапханасының ұжымы Наурыз мейрамын тойлады. Кітапханашылар оқырмандарын ғана емес, көшедегі көпті қуантып, керемет көңіл күй сыйлады. Қазан асып, наурыз көже мен ыстық бауырсақ таратты. Ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылған шарада салт-дәстүр мен ұлттық ойындар жаңғыртылды.