Елімізде "Жұлдызды жол" музыкалық байқауына тіркеу басталды. Байқау вокал, классикалық аспап және халық аспаптарында ойнайтын жас өнерпаздарға тапсырмас алаң болмақ.

16 мен 21 жас аралығындағы жастар бүгіннен бастап Instagram желісіндегі "Жұлдызды жол" парақшасына тіркеле алады. Ал 1-і мен 11-ші сәуір аралығында аймақтарда кастинг өтеді. Кейін 26-шы сәуір мен 16-шы мамыр аралығында Алматы қаласындағы жазғы лагерьге жиналады.

Ең үлкен шоу 6-шы шілде күні Алматыда өтеді. Айтып өтейік, конкурсты Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырып жатыр.