Имам – қоғамды тәрбиелеуші тұлға, ағартушы ұстаз. Олар көпшілік алдында уағыз айтқанда жауапкершілікті сезінуі тиіс. Саясатқа, дәстүрге, тарихи тұлғаларға немесе отбасы құндылықтарына қатысты тақырыптарды қаузағанда әр сөзіне байыппен қарағаны абзал.
"Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті" туралы ереже де дін қызметкерлерін осындай қағидаларды сақтауға шақырады. Бүгін қалада имамдарға құжаттың мән-маңызы түсіндірілді.