Өнер музейінде белгілі суретші Қайрат Ноғаевтың "Өнеріммен өрнектеймін өлкемді" атты көрмесі ашылды. Ақтөбелік қылқалам иесінің қырыққа жуық картинасы көрермен назарына ұсынылды. Суретші шығармашылығының басым бөлігін ұлттық ойындар, тұрмыстық көріністер мен батырлар бейнесіне арнайды.