Өңірде теміржол саласын дамыту мақсатында ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтар болсақ, «Қызғалдақты» стансасында рельс дәнекерлеу зауытының құрылысы басталады. Қазір жабдықтарды жеткізу және орнату жұмыстары қарқынды. Жоба құны – 21,4 млрд теңге. Нәтижесінде 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Жоспар бойынша кәсіпорын 2026 жылы толық іске қосылады. Бұл өңірдің индустриялық әлеуетін арттырып, теміржол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Теміржол көлігінің тиімділігін арттырып, Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтпек.