Осыдан он екі жыл бұрын мия шәрбатын ғана дайындайтын фармацевтика зауыты, қазір дәрінің 60-тай түрін өндіреді. Бас ауырып, балтыры сыздағанға қажет ем-домның алуан түрін шығарады. Әлбетте отандық өнім болған соң құны арзан. Ал, өнімін, жалғыз Ақтөбе ғана емес, еліміздің өзге өңірлері де таласа алады. Фармацевтика зауытының ендігі жоспары қандай?