Ырғызда жылдар бойы қордаланған бір мәселе бар. Ол ауданға кіре беріс аумақтағы тозығы жеткен 12 шақырым жол. Республикалық маңызы бар жолға жататын нақ осы аумаққа биыл асфальт жабындысы төселіпті.

Жақында қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, аудан халқын көктемгі су тасқыны есенгіреткендіктен, алдағы тасқынға қарсы іс-шаралар осы бастан қолға алынып жатыр.

Бұл бағытта: Жайсаңбай, Құйлыс, Белшер, Мамыр, Құтикөл және Ырғыз ауылдарында су бұру жұмыстары қолға алынып, бөгеттер салынып жатыр. Аудандағы өзге де жоспарлы жұмыстарды аудан әкімінен білдік.

Көрейік.