Республикалық «Жасыл ел» жобасына биыл 20 жыл толды. Жасақ сарбаздары мерейтойлық маусымның жабылуын салтанатты түрде атап өтті. Еңбекшіл жастардың басын қосқан бағдарлама биыл да екі мыңнан астам ақтөбелікті жұмыспен қамтыды. "Жасыл ел" бағдарламасын іске асыруға үлес қосқан үздіктер мерекелік кеште марапат алып марқайды.