Бүгін Өнер орталығында «Жастық. Жігер. Болашақ» форумы өтті. Оған елімізге белгілі өнер жұлдыздары мен әр салада табысты еңбек етіп жүрген жастар шақырылған. Облыс әкімдігі және полиция департаментінің бірлескен жобасы нашақорлықты, суицид пен буллингті болдырмау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.