24 қазан кітапханашылар күні. Республика күнімен тұспа-тұс келетін кәсіби мереке қарсаңында сала қызметкерлері де марапат алып марқайды. Өңірдегі кітапхана ісін ілгерілетіп, дамуына қосқан үлестері үшін "Мәдениет саласының үздігі", "Еңбек ардагері", Қазақстанның құрметті кітапханашысы төсбелгілері мен Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатын арқалады.