Өңірімізге келген Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиев Қобда ауданына барды. Мұнда олар кішкентай спортшылармен кездесіп, балаларға жігер берді. Қобдалық балалар да чемпионды көргенде абдырап қалмай, өз сұрағын қойып, ашық әңгіме өрбітті. Әсерлі кездесу туралы тілші айтып береді.