Батыс-3 мөлтек ауданында облыстық драма театр және 5 мың орындық әмбебап спорт кешені бой көтереді. Жаңа нысандардың жобасын әзірлеу 100 млн теңге қаражатты талап етеді. Әлеуметтік осал топтар үшін пәтерлер сатып алу, білім ошақтарына инженерлік желілер жүргізу, медициналық ұйымдарды оттегі станцияларымен жабдықтау тағы да өзге маңызды міндеттерге бағытталған бюджет қаржысы талқыға түсті.