Жол қателікті кешірмейді. Жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол белгілерін елемеудің салдары қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Жыл басынан бері Ақтөбе - Астрахань тас жолының Еңбек ауылдық округі маңында 14 жол-көлік апаты болған. Салдарынан күре жолдың үстінде талай жанның тағдыры үзілді. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында жергілікті әкімдік ауыл маңына патрульдік полиция көліктерінің макеттерін орнатты.