Мұғалжар ауданы Темір көпір ауылдық округінің балалары жақын арада жаңа мектепке көшеді. Бұл ақжолтай жаңалықты аудан жұрты асыға күтіп жүр. Себебі, бұған дейін аядай ғана ауылда 4 жылдық білім беру мектебі ғана бар еді. Оның өзі ескі, апатты деп танылған. Балалар білім алу үшін көрші ауылға барып оқуға мәжбүр.