Шалқарда Цеханович атындағы №1 спорт мектебінің түлегі, грек-рим күресінен білікті бапкер Мәулен Көпесті еске алуға арналған турнир өтті.
Оған қырғыз елінен және еліміздің бірнеше өңірінен 500-ге жуық палуан келді. Бозкілем шеберлері екі жас ерекшелігі бойынша сынға түсті. Жарыстың бірінші күнінде 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер күш сынасып, жеңімпаз, жүлдегер анықталды.
Кейін 2013-2014 жылы туған кіші жасөспірімдер алтын, күміс, қола мен белбеу, кубоктарды сарапқа салды.