Өңірде екі басқарманың басшысы ауысты. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметіне 33 жастағы Досжан Әлібеков тағайындалды. Жоғары білімді маман шетелде де оқыған. Ал қызмет жолын Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады. 2020–2024 жылдары Индустрия және инфрақұрылымдық даму,


Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінде еңбек етті. Сонымен бірге Ләззат Оразбаева облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Ұзақ жылдар өңірдің білім саласында еңбек еткен маман бұған дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.