Үздіксіз сенбіліктердің арқасында шаһардың шырайы кіре бастады. Бірақ қоқыс жинаумен жұмыс бітпейді. Төңіректі талға толтырып, аймақты абаттандыру қажет.

Қазіргі кезде "Таза Қазақстан" жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Өткен сенбіде Алматы ауданы Есет батыр ескерткішінің маңына бір топ белсенді, облыстық мекеме-кәсіпорын қызметкерлері көшет отырғызды.