"Өнерлі өрге жүзер" республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылған шараға шығармашыл, дарынды жастар қатысты. Бірегей жобаның қалалық деңгейіне оннан астам оқушы өнер көрсетті. Бұл еліміз бойынша "Мың бала" жобасының шеңберінде өтуде. Байқау мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейту. Жарыс нәтижесі бойынша үздік шыққан Нелли Югай қараша айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде облыс намысын қорйғайды.