Табиғи өртке қарсы жедел әрекет ету алгоритмі қайта қаралады. Облыс әкімі Асхат Шахаров дала және орман өрттерінің алдын алу және жою мәселесі қаралған жиында осылай деп тапсырма берді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қахарман Оразалиннің айтуынша, өңірде 84 дала алқабының өртенуі және 7 орман өрті тіркелген. Барлық жағдайда ерікті өртке қарсы құрылым тартылды.
Облыста оның 14-і бар. Олар 142 команда және екі мыңға жуық адамнан тұрады. Ерікті өрт сөндірушілер 200-ден астам өрт сөндіру мотопомпасы және 1500-ден астам арнайы өрт сөндіргіштермен жабдықталған.