Төрткүл дүниеге таныс футбол ойыны ауыл балалары үшін де таңсық емес. Аяғына доп ілінсе команда құрып жарыса кету үйреншікті әдіс. Спорттың бұл түріне өрлеулік жас өрендер де белсенді. Тек ауыл балалары үшін жасыл алаң жетпей жүрген. Енді бұл мәселе де өз шешімін тапты. Көптен күткен футбол алаңы ашылды. Салтанатты шараға әріптесім де қатысып келді.