Әлімхан Ермеков атындағы №23 мектеп-лицейінің мұғалімі Наталья Пеннер Мемлекет басшысының қолынан жоғары награда алды.

Мұғалімдер мерекесіне орай Ақордада өткен салтанатты шарада ақтөбелік педагог сөз сөйлеп, білім саласындағы қажырлы еңбегі үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісіне ие болды.

Марапат иесін әуежайдан әріптестері мен біздің түсірілім топ зор қошеметпен күтіп алды