Мерекеде өңір басшысы қарттарды құттықтап, үйлеріне сәлем бере барды. Алдымен Сандыбай Имағамбетов ақсақалдың шаңырағында болды. Сандыбай Әбішұлы Шалқар ауданының Көкбасты ауылында дүниеге келген. Жұбайы екеуі 8 бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде 26 немере сүйіп отыр. Асхат Шахаров ақсақалдың халін біліп, қарияға ұзақ ғұмыр тіледі. Содан кейін облыс әкімі Нина Вавилованың үйіне барды.
Ол- тыл еңбеккері, еңбек ардагері. Өмір бойы Ақтөбе гидро метЯрология орталығындағы станцияда инженер-синоптик болып жұмыс істеген. 36 жыл ішінде «Еңбек ардагері» медалімен, «Азаматтық қорғаныс үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Облыс әкімі екі зейнеткерді де Қарттар күнімен құттықтап, аға буынға деген құрмет пен қамқорлықтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Қариялар да құттықтап келген өңір басшысына ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.