Мәртөк ауданында екі ауылға газ кірді. Ол Первомайка және Жаңажол елдімекендері. Жалпы ауданда көгілдір отынмен қамту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл тағы Хазірет, Шевченко, Қызылжар, Бөрте, Ақмоласай, Байнассай ауылдарындағы жұмыс аяқталып, келер жылы қолданысқа беріледі. Аққайың, Полтавка, Покровка ауылдарына газ кіргізетін мердігерді анықтау жұмысы жүріп жатыр. Қазір аудандағы 32 ауылдың 17-сі газдандырылса, келер жылы бұл сан 23-ке жетпек. Жоспар жүзеге асса, жалпы аудан халқының газбен қамтылу көрсеткіші 98 пайызды құрайды.