Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, облыста жол бойында қызмет көрсететін 116 обьект бар. Оның 5-і — барлық ұлттық стандарттарға сәйкес келетін А санатындағы көп функционалды кешен және 4-еуі — кең ауқымды қызмет көрсететін В санатындағы нысан. Қалған С санатындағы 61 нысан және Д санатындағы 46 нысан бөлшек сауда және жанармай құю станциялары ретінде жұмыс істейді. Жол бойында қызмет көрсететін нысандардың көбі, яғни, 74-і Самара-Шымкент тас жолының бойында Қызылорда облысы шекарасына дейін орналасқан.