Париж Олимпиадасында медаль саны бойынша дәл қазір көш бастап тұрған ел - Қытай. Аспан асты елінің қоржынында 7 алтын, 6 күміс, 2 қола.

Жапония 7 алтын, 2 күміс, 4 қоламен екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті жарыс иесі түйіндеді. Француздарда әзірге 6 алтын, 9 күміс, 5 қола.

Ал Қазақстан құрамасы бір алтын, екі қоламен 14-орынға ығысты. Яғни кешегі көрсеткішпен салыстырғанда екі орынға төмендедік.