Жыл басынан бері өңірде 68 адам жол-көлік оқиғасы кезінде көз жұмды. Ал 400-ге жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Полиция қызметкерлері бұл алаңдайтын жайт деп отыр. 


Қаншама рет ескерту беріп, түрлі акциялар өткізгенімен жүргізушілер басып озу кезінде қауіпсіздікті сақтамайды, жылдамдықты шамадан тыс асырып жібереді. 


Әкімдікте өткен аппарат жинында өрт қауіпсізді, әсіресе орман алқаптарын сақтау шаралары туралы сөз болды.