Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынындағы жүлде саны үшеуге жетті. Құрама қоржынында әзірге 1 алтын, 2 қола медаль бар. Алғашқы жүлдені винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында ел спортшылары Ислам Сәтпаев пен Александра Ле жеңіп алды. Олар тартысты додаға бірінші рет қатысқанына қарамастан сынға түскен Германия құрамасынан озық түсіп, қоланы еншіледі. Ал алғашқы алтынды 60 келі салмақ дәрежесінде көк кілемде айқасқан дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды.
Сондай-ақ, күні кеше тағы бір дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақ дәрежесінде олимпиаданың қола жүлдесін еншіледі. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 медальмен жалпы есепте алғашқы ондыққа табан тіреді. Дегенмен, бұл әзіргі көрсеткіш ғана. Айта кетейік, ел спортшылары байрақты бәсекеде спорттың 25 түрінен сынға түседі. Еліміздің атынан 80 спортшы 92 жолдама жеңіп алған болатын