Маусым басталғалы шаһарда демалыс күндері қаланың 155 жылдығына арналған мәдени шаралар ұйымдастырылып келеді. Концерттік бағдарлама өткен сенбіде де жалғасын тапты.
Яғни, көпшілік кешкі серуенге шығатын саябақтар мен орталық алаңдарда өнерпаздар ән шырқап, ашық аспан астында түрлі концерттік бағдарламалар көрсетті.
Мәдени шара қаладағы Тұрғындар қалашығы, Орталық стадион, Есет батыр, Сазды тұрғын алаптары сияқты бірқатар көпшілік шоғырланатын қоғамдық орындарда өтті.