17 мыңнан астам кішкентай ақтөбелік аудиоскринингтен өтті. Бұл 6 айдың қорытындысы. Зерттеу профилактикалық мақсатта балаларға 6 рет өткізіледі.
Неонатальды кезеңде, яғни, 3 айында, 1 жасында, 3 және 6 жасында. Балалардың есту қабілетінің алғашқы скринингі перзентханалар мен босану бөлімшелерінде жүргізіледі. Облыс бойынша жалпы саны 17 босану ұйымдары бар.
Олардың барлығы қажетті техникалармен қамтамасыз етілген.