Ембі қаласындағы Мәдени орталық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1982 жылы іргетасы қаланған нысанға бүгінге дейін мұндай ауқымды жөндеу жасалмаған. Әсіресе ғимараттың салқындығы қызметкерлерге де, көрермендерге де ыңғайсыздық тудыратын. Қазір орталықта атқарылып жатқан жұмыстарды арнамыздың түсірілім тобы көріп келді.