«Бір терезе» қағидаты бойынша әр аптаның жұмасында қабылдау жүреді. Кәсіпкерлер палатасының алаңында ауыл шаруашылығы саласына жауапты мемлекеттік құрылымдардың басшылары шаруаларды проблемалық мәселелерімен қабылдайды. 


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес онда қаржы институттарының басшылары, өңірлік палата өкілдері жеке қабылдау да жүргізеді. 


Қабылдау уақыты сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін бекітілді. Бүгін алғашқы кездесу өтті.