26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарында бақ сынайтын ақтөбелік спортшылар қазір Ұлттық құрама сапында жаттығып жатыр. Бұған дейін жаһандық тартысты додаға өңірден 9 спортшы қатысуға үміткер болған. Алайда, өткізілген лицензиялық жарыстар нәтижесінде спортшыларымыздың 3-і ғана лайықты деп танылған. Енді нақ осы спортшылар алда еркін күрестен және триатлоннан ел намысын қорғайтын болады.