Орман алқаптарын өрттен сақтау. Осы мақсатта өңірде "Орман" профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Орман шаруашылығы қызметкерлері төтенше жағдай департаменті, сондай-ақ тәртіп сақшыларымен бірлесіп, қала тұрғындарына орман өртінің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 2 орман өрті тіркелген.