Мәртөк, Қобда, Қарғалы, Шалқар аудандарының 5 ауылдық округінде және Қандыағаш қаласында әкім сайлауы өтті. 6 орынға 19 үміткер тіркелді.

Сайлауға қайта түскен Қарғалы ауданындағы Әлімбет ауылының әкімі орнын сақтап қалды. Қалған орындарға жаңа адамдар тағайындалды.

Сайланғандардың біреуі саяси партия атынан ұсынылған, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Биыл тағы бірнеше ауданда сайлау өтеді.