Қобда ауданында салынып жатқан үйлердің құрылысы әне-міне аяқталады. Мұнда 147 үйді барлығы 15 мердігер мекеме өз міндетіне алған. Қазіргі кезде 136 үйдің қабырғасы қаланып жатыр, кейбірі төбесін жауып та қойды.

Сыртқы электр, газ және су желілерін жүргізуші мердігер мекемемен де келісімшарт жасалды, жұмыстар басталды. Жалпы, үйлердің құрылысы тамыз айында аяқталады.

Қазіргі уақытта нысанда барлығы 253 адам жұмыс жасап жүр. Сондай-ақ, 2 мердігер Жарық ауылында 17 үйдің қабырғасын қалап, төбесін жабуды бастады.