Қыркүйек айында елімізде қыздарды адам папиллома вирусына қарсы егу науқаны басталады. Осыған байланысты қазіргі таңда тұрғындар арасында белсенді түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл вирус жатыр мойны обыры және басқа да қатерлі ісік сияқты күрделі аурулардың дамуының алдын алады. Айта кеткен жөн, елімізде жыл сайын жатыр мойны обырынан 600-ге жуық әйел қайтыс болады. Ал, вакцинация – аурудың алдын алудың жалғыз жолы.