Темір ауданында көктемгі су тасқыны кезінде тұрғын үйлері жарамсыз деп танылған тұрғындарға баспана сертификатын табыстау рәсіміне арналған салтанатты шара өтті. Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай елдімекенінің су тасқынынан зардап шеккен 17 отбасы баспаналы болды.

Темір ауданы бойынша су тасқыны салдарынан 98 отбасының үйі зардап шеккен болатын. Оның ішінде 57 үй тұруға жарамсыз және 41 үйге жөндеу қажет деп танылды.