Ақтөбеде Қазақстанның Батыс аймағындағы алғашқы Польшаның Құрметті консулдығының ашылуы өтті. Кеңсе 4 облыста яғни – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстауда жұмыс істейтін болады. Ақтөбедегі консулдықтың ашылуы поляк тарапының отандық компаниялармен ынтымақтастығын одан әрі арттырып, қарым-қатынастарын дамытуға сеп болмақ.