Республикалық "Қазақ аналары" қоғамдық бірлестігінің мүшелері бас қосты. Қалалық мәдениет үйінде өткен шарада тасқыннан зардап шеккен көпбалалы аналарға қаржылай қолдау берілді. Сонымен қатар, "Ана тағылымы" журналының тұсаукесері өтті. Айтып өтелік, қазір қоғамдық бірлестіктің ел бойынша 30 мың мүшесі бар. Оның 1000-нан астамы ақтөбелік.