Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облыстық филармония ұжымы «Біз біргеміз» атты өнер сапарымен Ойыл ауданына барды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды рухани қолдап, демеу мақсатында концерттік бағдарламасын ұсынды. Өнерлі жастар халық арасында кеңінен тараған әндерді орындады. Кеш қонағы Еркебұлан Құмаров үшін көрермен қызу қошеметін аямады. Жұрт әдемі кештен тамаша көңіл күймен қайтты. Аудан әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында арнайы келген филармония ұжымына ризашылығын білдіріп, Алғыс хатын табыстады