Облыстық өнер музейінде "Сырлы әлем" сурет көрмесі өтті. Бұл 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылған суретші Жәнібек Есенғұловтың жеке шығармашылық шарасы. Көрмеге қала тұрғындары, өнер иесінің жерлестері, Жұбанов университетінің ғалымдары және мәдениет басқармасының өкілдері қатысып, суретшіге құрмет көрсетті. Музейге Жәнібек Құттықожаұлының 20-дан аса таңдаулы туындысы қойылған. Айтып өтелік, көрме иесі көбіне ұлттық колориттегі суреттерді салады.