Шалқарда шағын футболдан жарысы өтті. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сәйкес «Бірлігіміз жарасқан» деп аталған шараға ата – аналар мен колледж білім алушылары қатысты.

Барлығы 8 команда қатысқан жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынды "Қамқор Локоматив жөндеу депосы" Шалқар сервистік орталығының командасы алды.

Колледж студенттері және ата- аналарынан құралған командаларға, серіктес мекемелерге алғыс хат және ақшалай сыйлық берілді.