Теміржол қауіпті аймақ! Мұнда жаяу жүргіншілердің жүруіне қатаң тыйым салынған! Бұл өзіңіздің де, өзгенің де өмірі үшін қауіпті!
Алайда, ескертпені елемей, белгіленбеген жерден кесе көлденең өтетіндер азаймай тұр.
Жыл басынан бері теміржол қозғалысына кедергі келтірген 14 жағдай тіркелсе, 1 адам оқиға орнында көз жұмды. Оқыс оқиға осыдан екі күн бұрын тағы да қайталанды.